Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Тоқаев Жоғарғы сот төрағасын қабылдап, сот жүйесінің жұмысын тыңдады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдап, сот жүйесінің тоғыз айдағы жұмысы мен цифрландыру барысын тыңдады.

    Тоқаев Жоғарғы сот төрағасын қабылдап, сот жүйесінің жұмысын тыңдады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. Кездесуде сот жүйесінде биылғы тоғыз айда атқарылған жұмыстардың нәтижелері, сот ісін жүргізуді цифрландыру барысы, сондай-ақ азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру шаралары талқыланды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Асламбек Мерғалиев Президентке сот органдары 24,8 мың қылмыстық істі қарағанын баяндады. Азаматтық істердің саны 28,4 пайызға ұлғайып, 605 мыңнан асты. Бұған банкроттыққа, тұрғын үй және жер дауларына қатысты талап-арыздар мен келісімшарттық міндеттемелер бойынша істер санының артуы себеп болып отыр.

    Сонымен қатар 29,2 мың әкімшілік іс және 319 мың әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды. Даулардың жартысына жуығы медиациямен және басқа да балама жолдармен реттелгені жеткізілді.

    Кассациялық сотқа 18 мыңнан астам шағым келіп түсті. Оларды қарастыру нәтижесінде апелляциялық сатыда түзетілген сот актілерінің саны екі есе, яғни 934-тен 1704-ке дейін өсті.

    Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, сот жүйесіне абсолютті сенім деңгейі 2023 жылдан бері 55,2 пайыздан 69,7 пайызға дейін өскен. Мемлекет басшысына сот жүйесін кадрмен қамтамасыз ету туралы мәлімет берілді.

    Президент сот төрелігі сапасын жақсарту және сот жүйесін жаңғырту шараларын іске асыру қажеттігіне назар аударды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →