Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті • Тоқаев көлік министрін ауыстырды: Әсел Жанасова вице-премьер де болды • Әсел Жанасова вице-премьер – көлік министрі болып тағайындалды • Ақтөбеде неке сарайына келген 26 жастағы келіншекті бұрынғы күйеуі пышақтап кетті • Батраков Чемпиондар лигасының үздік мергендері тізімінде Мбаппені басып озды • Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға дисквалификацияланды • Ресейдің сұйытылған газ экспорты қазан айында рекордтық 3,42 млн тоннаға жетті • Тоқаев көлік министрін ауыстырды: Әсел Жанасова вице-премьер де болды • Әсел Жанасова вице-премьер – көлік министрі болып тағайындалды • Ақтөбеде неке сарайына келген 26 жастағы келіншекті бұрынғы күйеуі пышақтап кетті •

    «Шошқалармен бірге баққан»: Алматы облысының тұрғыны жылқыларды доңыздың өлекселері жатқан қораға баққан

    «Шошқалармен бірге баққан»: Алматы облысының тұрғыны жылқыларды доңыздың өлекселері жатқан қораға баққан

    Алматы облысында жылқыларды шошқалармен бірге қамап, өсірген тұрғынның әрекеті анықталды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

    Қырғауылды ауылының тұрғындары өлгеншошқалардың жемтігін тірі шошқалардың жеп жатқанын, ол қорада сатылымға шығарылатын жылқылардың  да бірге тұрғанын айтып шағымданды. Бейнежазбада жылқылар мен шошқалардың бірге өлекселердің жанында қамауда тұрғанын көруге болады.

    «Қырғауылды ауылында сұмдық жағдай. Жылқылар мен шошқалар өлексенің жанында жайылып жүр. Көп жылдан бері осы мәселе шешілмей келеді. Дәлірек айтқанда, біз ол туралы бүгін ғана білдік! Біз жағымсыз иіс бұл жер лас болғандықтан шығады деп ойладық. Алайда ол өлексенің иісі екен. Осыған шара қолдануын сұраймыз», — делінген бейнежазбада. 

    Тұрғындардың айтуынша, өлексенің жатқанына және одан жағымсыз иістің шыққанына көп уақыт болған. Бір топ адам сұмдық жағдайды әлеуметтік желілерге жариялады. Аталған жағдайға Алматы облысының әкімдігі жауап беріп, үйге ветеринарлық сараптама және жануарлар карантині жүргізілетінін атап өтті.

    «Көше тұрғындарының арыз-шағымдары бойынша. Қарасай аудаы әкімінің орынбасары тиісті жағдайда ұсталған мал иесімен әңгімелесті. Нәтижесінде шошқа мен жылқы сату туралы келісімге қол жеткізілді. 4 мамырдан бастап Октава баспанасына тіркелмеген 26 шошқаны уақытша орналастыру туралы келісім жасалды. Баспанада ветеринарлық сараптама және жануарлар карантині жүргізіледі, жылқыларды тасымалдау жүргізілді. Жағдай ауылдық округ әкімінің, полиция мен ветеринарлық пунктің бақылауында. Аудан әкімдігі тарапынан көлік мәселесі шешілді», – деді Алматы облысының әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →