Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Қос қазақ балуаны Азия чемпионатының алтын жүлдесіне таласады

    Қос қазақ балуаны Азия чемпионатының алтын жүлдесіне таласады

    Фото: el.kz

    Екі отандасымыз Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатының финалына өтті, деп хабарлайды  Qazaq Today ақпарат агенттігі EL.kz — ке сілтеп.

    61 келі cалмақта күресіп жатқан Асыл Айтақын жартылай финалда Акаш Дахияны (Үндістан) 11:0 есебімен жеңді. Финалда ол қырғызстандық Тайырбек Жұмашбекұлымен кездеседі. Ал Азамат Дәулетбеков (86 келі) жартылай финалда қытайлық балуан Пейлон Лиді 11:0 есебімен ұтты. Ол финалда Өзбекстан өкілі Жабраил Шапиевпен белдеседі. Жеңіске жетсе, Азияның үш дүркін чемпионы атанады.

    Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде Қазақстан құрамасы 1 күміс, 1 қола иеленді. Мейрамбек Қартбай (57 келі) қола жүлде, Ризабек Айтмұхан (97 келі) күміс медаль еншіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →