Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Ештеңе қызық емес болып қалды»: Олжас Абай Дариға Бадықова екеуінің сезімі туралы айтты • Ресейден 1003 жүк көлігін өткізуге көмектескен шенеунік 10 жылға сотталды • Каспийдегі трагедия: Тергеу амалдары аяқталуға жақын қалды • Алматыдан 11 оқушы жасанды интеллект жөніндегі халықаралық конференцияға қатысу үшін Кремний алқабына аттанды • Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағына алғаш рет қыз жауынгер қабылданды • Қазақстандық мерген 25 метрден атыс бойынша әлем чемпионатында финалға шыға алмады • «Ештеңе қызық емес болып қалды»: Олжас Абай Дариға Бадықова екеуінің сезімі туралы айтты • Ресейден 1003 жүк көлігін өткізуге көмектескен шенеунік 10 жылға сотталды • Каспийдегі трагедия: Тергеу амалдары аяқталуға жақын қалды • Алматыдан 11 оқушы жасанды интеллект жөніндегі халықаралық конференцияға қатысу үшін Кремний алқабына аттанды • Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағына алғаш рет қыз жауынгер қабылданды • Қазақстандық мерген 25 метрден атыс бойынша әлем чемпионатында финалға шыға алмады •

    Астанада шенеуніктің үйінен 129,4 млн теңге тәркіленді

    Астанада шенеуніктің үйінен 129,4 млн теңге тәркіленді

    Фото: Pixabay

    Астана қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының ҚҚС (қосылған құн салығы) аудит бөлімінің басшысы ұсталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингіде айтылды.

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралардың нәтижелері бойынша ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Астана қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының ҚҚС (қосылған құн салығы) аудит бөлімінің басшысын ұстады. Ол 36 млн теңге сомасында ҚҚС қайтару бойынша оң шешім қабылдағаны үшін кәсіпкерлік субъектісінен 3,6 млн теңге сомасында пара алған», — деді Антикордың ресми өкілі Данияр Бигайдаров агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.

    Оның айтуынша, тінту барысында оның үйінен 129,4 млн теңге тәркіленіп, тексеріліп жатыр.

    «Күдікті соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», — деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →