Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді •

    «Дала Қырандары» Тайтөбе ауылының тұрғындарына көмектесті

    «Дала Қырандары» Тайтөбе ауылының тұрғындарына көмектесті

    Фото: Дала қырандары

    «Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігі Тайтөбе ауылының тұрғындарына көмекке келді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    2024 жылғы 9 сәуірде «Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігі Тайтөбе ауылына келе жатқан ағын суға тосқауыл қою жұмыстарын жүргізді.

    Шараға қатысушылар еріктілердің жинау орталығы ұйымдастырылған Гейдар Әлиев көшесі, 14 мекенжайындағы бірлестіктің штабында жиналды. Бұл жерде қырандар бірнеше жасаққа бөлігеннен кейін кент бағытында жолға шықты.

    Еске салсақ, «Дала Қырандары» ЖҚБ наурыз айында Қоянды ауылының тұрғындарына көмекке келген болатын. Біздің қырандар аулаларды еріп үлгермеген қардан тазарту арқылы жергілікті тұрғындардың баспаналарына қызыл судың кіруіне жол бермеді. Ал 3 сәуір күні біз Астанадағы гуманитарлық көмек жинау нүктесіне көмектестік. Бұл жолы қажетті заттарды сатып алуға көмектесумен бөлек, біз қайырымды азаматтар жіберген азық-түлік және басқа да дүниелерді сол жерде түгендеп, оларды еліміздің су басқан аудандарына одан әрі тасымалдау үшін көліктерге тиедік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →