Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    БҚО-да сібір жарасы таралуы мүмкін

    БҚО-да сібір жарасы таралуы мүмкін

    Тасқын судан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысында да Сібір жарасы таралуы мүмкін деген қауіп бар, деп хабарлады КТК телеарнасы.

    Себебі жұқпалы аурудан арам қатқан малдың 14 қорымын су шайып кетті деген ақпарат тарады. Дегенмен оны құзырлы органдар бұл мәліметті ішінара жоққа шығарып отыр. Су астында тек осындай өлексе көмілген үш қорым қалған.

    Алдын ала есеп бойынша, өңірде суға кеткен 219 ірі қара, мың жарымнан астам ұсақ мал мен 97 шошқа және жүзге тарта тауық арам қатқан.

    Телеарнаның хабарлауынша, инфекция таралмау үшін тасқын болған жерлерден ветеринарлар өлекселерді жинап алып көзін жоюды бастаған. Енді тұрғындар су шайған қорымдардан Сібір жарасы тарай ма деп қорқады. Дегенмен ветеринария басқармасындағылар ондай қауіптің жоқ екенін айтады.

     

    Жалпы Сібір көмінділері біздің облыста 222. Соның 34-і Сырым ауданында. Осның үшеуін Өлеңті ауданыда Жымпиты кеше суға кеткен кезде су басқан. Бірақ қазір су басылды. Еш қауіп жоқ. Тиісті ветеринарлық шаралар іске асырылып жатыр, — дейді БҚО Ветеринария басқармасы басшысының орныбасары Абзал Бірәлиев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →