Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • 7 облыста жолдардағы көлік қозғалысына шектеу енгізілді

    7 облыста жолдардағы көлік қозғалысына шектеу енгізілді

    Еліміздің 7 өңірінде жолдардағы көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады  Qazaq.today тілшісі.

    2024 жылғы 8 сәуірдегі сағат 7:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3 мың 206 метр болатын су тасқыны болды.

    «7 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 14 автокөлік жолында (ұзындығы 679 шақырым) қозғалысқа шектеу қойылды», – делінген «Қазавтожол» ҰК» АҚ хабарламасында.

    Қазір республикалық жолдарға 305 техника мен 357 адам жұмылдырылған.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →