Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Атырау облысында қауіп әлі сейілген жоқ, жағдай өте күрделі

    Атырау облысында қауіп әлі сейілген жоқ, жағдай өте күрделі

    [ad_1]

    Атырау облысында су тасқыны жағдайы күрделі күйінде қалып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов мәлім етті.

    Әкімнің айтуынша, Атырау облысының аумағында бес өзен бар.

    Оның үшеуі бастауын Ақтөбе облысынан алады. Ал екі өзен Ресей Федерациясынан басталады.

    «Қазір Ақтөбе өңірінен бастау алатын екі өзеннен елді мекендерге қауіп сейілді. Бұл — Сағыз және Ойыл өзендері. Ал, Жем өзені арнасынан асты. Соның салдарынан Құлсары қаласының екі шағын ауданына тасқын су кірді. Тасқын су тұрғын үйлерді, бизнес нысандарын басты. Зардап шеккен тұрғындардың шығыны өтеледі», -деді Серік Шәпкенов.

    Қазір облыс әкімінің тапсырмасымен Жылыой ауданының әкімдігінде арнайы комиссия құрылған.

    Су тасқыны тоқтағаннан кейін арнайы комиссия зерделеу қорытындысы шығарады.

    «Президенттің арнайы тапсырмасына сәйкес, тасқын судан зардап шеккендердің бәріне қолдау көрсетеміз. Өкінішке қарай, қауіп әлі де бар. Қазір Атырау облысында су тасқынына байланысты жағдай өте күрделі», -деп мәлім етті Серік Шәпкенов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →