Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитіне қатысады • Полиция туған қызының ерніне жабысқан Өскемен тұрғынына қатысты пікір білдірді • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитіне қатысады • Полиция туған қызының ерніне жабысқан Өскемен тұрғынына қатысты пікір білдірді •

    Елімізде 1 мамырдан бастап жаңа ипотекалық бағдарлама басталады

    Елімізде 1 мамырдан бастап жаңа ипотекалық бағдарлама басталады

    Фото: Pixabay

    Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте жаңа ипотекалық бағдарлама қашан іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    «Бұл бағдарламаның мақсатын жүзеге асыруға «Отбасы банкпен» бірлесіп, 300 млрд теңге тартылады. Бұл – бағдарламаның жалпы мөлшері. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққандар үшін пайыздық мөлшерлеме 7 пайыздан аспайды. 1 мамыр күні бағдарламаның барлық шартын жариялаймыз», — деді ведомство басшысы тілшілердің сауалына берген жауабында.

    Журналистер жаңа ипотекалық бағдарлама жеңіл автокөлікті несиелеу бағдарламасының кебін киіп, оған өтінім беру санаулы секундтарда аяқталып қалмай ма деп нақтылады.

    Министрдің сөзінше, «Отбасы банк» бұрыннан бері жұмыс істейді әрі оның жұмысты дұрыс үйлестіруге құзыреті жетеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →