Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні

    2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні

    Бүгін – Халықаралық балалар кітабы күні, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі.

    Мерекені 1967 жылы «Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті жөніндегі халықаралық кеңес» коммерциялық емес ұйымы бекіткен. Айтулы күн тарихтағы ең танымал ертегілер авторының бірі – Ханс Кристиан Андерсеннің туған күнімен сәйкес келеді.

    Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда балаларға арналған 249 кітапхана бар. Жыл басынан бері облыс, аудан, қалалар мен ауылдарда орналасқан кітапханаларға 1 млн 733 мың 686 жас оқырман келген.

    Айта кетсек, өткен ғасырда Алматы қаласында негізі қаланған С. Бегалин атындағы балалар кітапханасы еліміздегі ең көне кітапхана саналады. Ал ең жаңа балалар кітапханасы – Алматыда 2020 жылы бой көтерген ALATAU CREATIVE HUB жаңа орталығы.

    Бүгін еліміздің барлық кітапханаларында түрлі іс-шаралар, атап айтқанда, кітап көрмелері, интеллектуалды ойындар, кездесулер, әдеби бенефис, кітапханаға саяхат ұйымдастырылады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →