Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Өзендерде су деңгейі көтеріліп, тұман, көктайғақ болады: синоптиктер ескерту жасады

    Өзендерде су деңгейі көтеріліп, тұман, көктайғақ болады: синоптиктер ескерту жасады

    [ad_1]

    Синоптиктер 1 сәуірде еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болатынын ескертті. Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында өзен деңгейі көтеріліп, елді мекендерді су басу қаупі бар, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

    Астанада және Ақмола облысының солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Таңертең оңтүстік-батыстан және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

    Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аймақтарда тұман күтіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында көктайғақ, батыста тұман күтіледі.

    Батыс Қазақстан облысында тұман күтіледі.

    Атырау облысында тұман күтіледі.

    Қостанай облысында жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.

    «2024 жылғы 2 сәуір мен 5 сәуір аралығында Қостанай және Қостанай облысында ауа температурасының күндіз +12+17, облыстың оңтүстігінде +20 градус,  түнде 0+5 градусқа дейін көтеріледі, жаңбыр жауады, қар қарқынды түрде ериді, еріген ағынды судың және облыс өзендерінде мұздың еруі салдарынан су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі. Сонымен қатар, жолдарды, елді мекендер мен шаруашылық құрылыстарды су басу қаупі сақталады», — делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →