Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Полиция туған қызының ерніне жабысқан Өскемен тұрғынына қатысты пікір білдірді • Доллар бағамы қайта қымбаттады • Тоқаев Камбоджа Премьер-министрі Хун Манетті Ұлттық күнмен құттықтады • Тоқаев қазақ тілін оқытудағы жасанды интеллект рөлі туралы айтты • Бек Нұрмағанбет танымал рейтинг бойынша үздік бестікке енді • Тоқаев Азия ойындарының жүлдегерлерін марапаттап, жаңа спорт нысандарын салуды жариялады • Полиция туған қызының ерніне жабысқан Өскемен тұрғынына қатысты пікір білдірді • Доллар бағамы қайта қымбаттады • Тоқаев Камбоджа Премьер-министрі Хун Манетті Ұлттық күнмен құттықтады • Тоқаев қазақ тілін оқытудағы жасанды интеллект рөлі туралы айтты • Бек Нұрмағанбет танымал рейтинг бойынша үздік бестікке енді • Тоқаев Азия ойындарының жүлдегерлерін марапаттап, жаңа спорт нысандарын салуды жариялады •

    Абай облысында төтенше жағдай жарияланды

    Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Абай облысына қарасты Аягөз ауданының әкімдігі жергілікті ауқымда төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    «Аягөз ауданында жергілікті маңызы бар «Аягөз-Бозай» автожолының 20 шақырымында Аягөз өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпірдің жол төсемі шайылып кетті. Қазіргі уақытта көпір арқылы көлік қатынасы тоқтатылған. Сонымен қатар, басқа айналма көлік жолдары арқылы елдімекенмен байланысты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде», — делінген облыстық әкімдік тартқан хабарламада.

    Қазіріг кезде полиция департаментінің қызметкерлері шектеу белгілерін қойып, кезекшілік ұйымдастырып жатыр.

    «Халықты Аягөз өзені арқылы өткізуді жүзеге асыру үшін ТЖД қызметкерлері жіберілді, олар қажет болған жағдайда жүзу құралдарының көмегімен өткелдік жұмыстарды жүзеге асыратын болады», — делінген хабарламада.

    Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Аягөз ауданының әкімдігі жергілікті ауқымда төтенше жағдай жариялады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →