Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Қаңтар оқиғасы бойынша экс-министр Ерлан Тұрғымбаевтан жауап алынды

    [Бас прокуратура Ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаевты және полиция органдарының басқа да басшыларын қылмыстық қудалау туралы түрлі Telegram-арналарда таратылған ақпаратқа қатысты түсінік берді.

    Айта кетсек, Бас прокуратура 2022 жылдың басынан бастап қаңтар оқиғасы кезінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етпеуге, сондай-ақ азаматтарға азаптауды қолдануға байланысты күштік құрылымдардың қызметкерлеріне қатысты тергеп-тексерулерді жалғастырып жатыр.

    Азаптау ісіне байланысты облыстық полиция және ұлттық қауіпсіздік органдарының бірқатар басшысы мен қызметкерлері сотталды.

    Жүргізіліп жатқан тергеп-тексерулер шеңберінде Ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаевтан да жауап алынғаны айтылды. Сондай-ақ Бас прокуратура Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Қошмамбет ауылында орналасқан арнайы қабылдау жағдайында ұсталған азаматтарға азаптауды қолдану туралы іс бойынша дәлелдемелер жинады.

    «2024 жылдың 16 наурызында осы қылмысты жасағаны үшін Қарасай ауданының арнайы қабылдау орыны және полиция басқармасының бұрынғы басшылары қамауға алынды. Бұдан басқа, қызметтік атыс қаруын ұрлау фактілері бойынша Талдықорған қаласы полиция басқармасының бұрынғы басшылығына қатысты тергеп-тексеру жалғасуда», — делінген хабарламада.

    Осы мәселелер бойынша басқа да мәліметтер тергеп-тексерудің, сондай-ақ азаматтардың құқығы мен заңды мүддесін сақтай отырып, жұртшылыққа жеткізілетін болады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →