Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды • Дипфейк банктерді алдап өтті: Қазақстанда жаңа киберқауіп қатері • Sulpak тағы да сынның астында: астаналық тұрғын қорабы зақымдалған iPhone-ды қайтармақ болып, мәселені шеше алмай жүр • Анара Батырханға «Ерен еңбегі үшін» медалі не үшін берілді? Министрлік түсініктеме берді • Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды • Дипфейк банктерді алдап өтті: Қазақстанда жаңа киберқауіп қатері • Sulpak тағы да сынның астында: астаналық тұрғын қорабы зақымдалған iPhone-ды қайтармақ болып, мәселені шеше алмай жүр • Анара Батырханға «Ерен еңбегі үшін» медалі не үшін берілді? Министрлік түсініктеме берді • Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты •

    «Тұйық» шахтасының қызметі тоқтатылды

    Фото: Pixabay 

    Алматы облысында прокурорлар «Тұйық» кен орнының қызметінде өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын бұзу фактілерін анықтап, шахта қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Қарағанды және Павлодар облыстарында орын алған қайғылы оқиғалардан кейін облыс аумағында ұқсас фактілерге жол бермеу мақсатында Алматы облысының прокуратурасы Кеген ауданындағы «Тұйық» қорғасын кен орнының ұңғымада (бұдан әрі — шахта) тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын бұзу деректерін анықтады.

    «Тексеру барысында шахта бекіністерінің деформациясы мен зақымдануын, шатыр мен борттар бойынша тау массасының бөліктерінің қатып қалуы, сондай-ақ жобалау құжаттамасынан ауытқу және бекіту материалының паспорттарының және өзге де орындаушылық құжаттаманың болмауы анықталған. Анықталған бұзушылықтар 25 кеншінің өмірі мен денсаулығына қайтымсыз әсер етуі мүмкін және нақты құлау қаупін тудырды», — делінген хабарламада.

    Осыған байланысты, прокуратураның үйлестіруімен Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментімен жер қойнауын пайдаланушыға қатысты ӘҚБтК-нің 298-бабымен (жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі қағидаларды бұзу) әкімшілік іс қозғалып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.

    Сонымен қатар МАЭС шешімімен ықтимал теріс салдарларды болдырмау мақсатында шахтаның қызметі анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →