Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан • Қазақстан триатлоншылары Гонконгтегі әлем кубогі кезеңінде сынға түсті • «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан • Қазақстан триатлоншылары Гонконгтегі әлем кубогі кезеңінде сынға түсті • «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр •

    Атырауда жол апатынан екі адам мерт болып, төртеуі ауруханаға түсті

    Фото: Pixabay

    Атырау қаласының маңындағы Дамбы ауылына баратын жолдың бойында бір мезетте төрт көлік соқтығысты. Жол апатынан екі адам мерт болып, төртеуі ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Атырау қалалық полиция басқармасының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы сағат 17:00 шамасында болған.

    Атырау-Дамбы тас жолының бойында орналасқан Көкарна ауылындағы «Алтын құрылыс» дүкенінің маңында бірден төрт көлік – Toyota Prado, КамАЗ, Кіа және ВАЗ-2112 соқтығысты. Жүк көлігі аударылып қалған.

    Жол-көлік оқиғасының салдарынан ВАЗ-2112 көлігінің жүргізушісі мен жасөспірім жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Осы көлікте отырған кәмелетке толмаған үш жасөспірім мен әйел жедел жәрдем көлігімен облыстық ауруханаға жеткізілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →