Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 18 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Жібек Құламбаева Үндістандағы жарыстың финалына жолдама алды

    Фото: ktf.kz

    Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Гургаон (Үндістан) ITF турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Жарыстың 1-ракеткалары Жібек Құламбаева мен үндістандық Анкита Раина жартылай финалда тағы бір корт иесі Рия Бхатия — жапониялық Митика Озекимен сынға түсті. Қазақстандық-үндістандық жұп 7:5, 6:2 есебімен басымдылық танытты.

    Құламбаева – Райна финалда доданың 2-ракеткалары, швециялық Жаклин Кабай Авад – литвалық Юстина Микульскитемен чемпиондық атақты сарапқа салады. Бұл дуэт тартысты бәсекеде оңтүстіккореялық Ён Ву Ку – латвиялық Диана Марцинкевичті қапы қалдырды – 7:6 (9:7), 7:5.

    Жекелей сында әлемнің 493-ракеткасы Жібек Құламбаева ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 527-орында тұрған оңтүстіккореялық Ён Ву Куге жол берді – 0:6, 3:6. Бұған Жібектің үш күннен бері күніне екі ойыннан өткізіп жүргені де әсер еткен болуы ықтимал.

    Еске сала кетейік, бұдан бұрын Құламбаеваның Үндістандағы жарыста жеңіліссіз келе жатқанын жазған едік. Сондай-ақ қазақстандық теннисші қатарынан 17 матчта жеңіске жетті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →