Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Димаш Құдайберген БҰҰ-ның ізгі ниет елшісі болды

    Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

    Бүгін Халықаралық көші-қон ұйымы жаңа ізгі ниет елшілерінің тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Қазақстандық музыкант, әнші және композитор Димаш Құдайберген Халықаралық көші-қон ұйымының аймақтық ізгі ниетті елшісі (Азиядағы аймақтық рөлі) болып тағайындалды.

    «Мен Халықаралық көші-қон ұйымының ізгі ниет елшісі ретінде мигранттардың құқықтарын қорғауды мақтан тұтамын. Әрбір адамның құқығы мен мүмкіндіктері үшін аспаны ашық бейбіт әлемді бірге құрайық», — деп мәлімдеме жасады Құдайбергенов.

    Одан бөлек тағы сегіз әлемдік жұлдыз елші атанды.

    Фото: БҰҰ Көші-қон агенттігінің аймақтық ізгі ниетті елшісі

    Халықаралық көші-қон ұйымы – көші-қон саласындағы жетекші үкіметаралық ұйым. Ол гуманистік және тәртіпке негізделген көші-қон мигранттар мен қоғамға тек пайда әкеледі деп есептейді. Халықаралық көші-қон ұйымы Біріккен ұлттар ұйымының жүйесіне 2016 жылы ассоциацияланған ұйым ретінде қосылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →