Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Алдағы күндері елімізде 38 градус аяз болады

    Еліміздің басым бөлігінде аяз болжануда. Арктикалық антициклон Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан жылжиды және республиканың көп бөлігін біртіндеп қамтып, аязды ауа-райын әкеледі.

    15 ақпанда шығыста, 16 ақпанда еліміздің оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ пен бұрқасын болжанады.

    Батыста ауа температурасы түнде 12-30 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 30-38 аязға дейін, 16 ақпанда шығыста 18-35 аязға дейін, оңтүстікте 10-30 аязға дейін, 17 ақпанда оңтүстік-шығыста 15-28 аязға дейін төмендейді деп болжанып отыр.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →