Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Шығыс Қазақстан облысында бірнеше әкім жазаға тартылды

    Фото: Pixabay

    Шығыс Қазақстан облысында үш әкім әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Шемонаиха аудандық прокуратурасы мемлекеттік сатып алу туралы тікелей шарттарды заңсыз жасау фактілерін анықтады.

    «Мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнама бойынша әкімдер тауар немесе қызметті бір көзден сатып алу кезінде жылдық көлемі 3000 АЕК-тен аспауы керек. Ал жекелеген әкімдер сатып алуды жүргізген кезде тек бір жұмыстың құны3000 АЕК-тен аспауы тиіс деп деп, әдейі кей талапты назардан тыс қалдырған», – делінген ШҚО аудандық прокуратурасының хабарламасында.

    Прокурорлардың мәліметінше, Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты қысқы жол жөндеу жұмыстарына жалпы сомасы 27,2 млн теңгеге үш келісімшарт жасаған. Жұмыстың сипаты біркелкі болғанымен, жалпы құны 3000 АЕК-тен асқан.

    «Осындай заң бұзушылықтарға Зевакин және Вавилон ауылдық округтерінің әкімдері жол берген. Қадағалау актісі бойынша Шемонаиха қаласының, Зевакин және Вавилон ауылдық округтерінің әкімдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрқайсысы 100 АЕК (369 200 теңге) мөлшерінде айыппұл төледі», – деп атап өтті ШҚО прокуратурасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →