Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Танымал айтыскер ақын дүниеден өтті

    Арқаның ардақты азаматы, ақын Сәттібай Жүнісов қайтыс болды.

    Суық хабарды Теміртау қаласының әкімдігі хабарлады.

    «Арқаның ардақты азаматы, ақын Сәттібай Жүнісовтың қайтыс болуына байланысты, жақындары мен туғандарына қайғыларына ортақ екенімізді білдіріп, көңіл айтамыз. Теміртау қаласында өтетін айтыстың шегерілгенін ескертеміз. Қосымша хабарлаймыз», — делінген хабарламада.

    Сәттібай Темірғалиұлы Жүнісов 1981 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ескене ауылында дүниеге келген.

    1998 жылы Атасу орта мектебін тәмамдап, сол жылы Қарағанды мемлекеттік Е.А. Бөкетов атындағы университеті филология факультетіне оқуға қабылданып, 2002 жылы бітірген.

    Студенттік мүшайралардың жеңімпазы.

    Махамбеттің 200-жылдық мерейтойына орай өткізілген облыстық ақындар мүшайрасының жүлдегері.

    Қ.Аманжоловтың 90-жылдық мерейтойына орай өткізілген облыстық ақындар мүшайрасының жүлдегері.

    Бірқатар облыстық, республикалық жыр додаларының жеңімпазы болған.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →