Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Атырауда тұрғын үйде газ жарылды: 5 адам жансақтау бөлімінде жатыр

    Атырауда тұрғын үйлердің бірінде газ ауа қоспасы жарылды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. 

    Салдарынан бес адам жансақтау бөліміне түсті. Барлығы – бір отбасының мүшелері. Оқиға 2 қаңтарда болған.

     

    «Көкнәр ауылы Көкарна көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінен түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түсті. Құтқарушылар газ ауа қоспасы жарылғанын анықтады. Салдарынан 140 шаршы метр тұрғын үй өртенген», — дейді ведомство.

     

    Өртті сөндіруге 16 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →