Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Қазақстан Талибанды тыйым салынған ұйымдар қатарынан алып тастайды

    Бұл туралы  Kazinform агенттігіне берген сұхбатында Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтқан, деп хабарлайды Qazaq.today. 

     

    — Қазақстан елде тыйым салынған террористік ұйымдардың ұлттық тізіміне үнемі ревизия жүргізеді. Аталған үдеріс шеңберінде БҰҰ тәжірибесіне сәйкес, одан «Талибан қозғалысын» алып тастау туралы шешім қабылданды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің орындауға міндетті қарарларына сәйкес, «Талибан қозғалысы» БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі террористік деп таныған ұйымдардың тізімінде жоқ, – деген Айбек Смадияров.

     

    Еске сала кетейік, биыл тамызда Астанада бүгін Қазақстан мен Ауғанстан кәсіпкерлерінің бірлескен бизнес форумы өткен еді. Кілемін арқалап, шай-пұлын көтеріп келген ауған кәсіпкерлері Қазақстан нарығына қызығады.. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бизнес-форум аясында 190 млн долларға екіжақты келісім жасалғанын, бұл серіктестікті 3 млрд долларға дейін арттыру көзделіп отырғанын айтқан.

    Дереккөз: ulysmedia.kz

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →