Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Қазақстанға кемінде 3 атом электр станциясы қажет – энергетика министрі

    Қазақстанға еліміздің оңтүстігінде, солтүстігінде және батысында кемінде 3 атом электр станциясы қажет, деп мәлімдеді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев «Обожаю» жобасына берген сұхбатында, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Оның айтуынша, атом индустриясы өндірісті дамытып, ең жоғары технологиялық өнімдерді шығаруды мақсат тұтады.

     

    «Атом саласында біз қазірдің өзінде жылушығарғыш жинақтарды өндіріп жатырмыз – өнімдер 20 жылға алдын ала сатып алынған. Мұндай технологияларға қаншалықты сұраныс бар екенін бағамдай беріңіз», — деді министр.

     

    Сәтқалиев АЭС салу саласында ресейлік технология әлемдегі ең үздіктердің қатарында екенін атап өтті.

    «Росатомға» санкция салынбаған және оның халықаралық энергетикалық нарықтағы үлесіне байланысты алдағы уақытта та санкцияға ілінбейді деп болжап отырмыз. Энергетикалық қауіпсіздік экономиканы дамытудың негізгі көзі екенін бәрі түсінеді», — деді Сәтқалиев.

    Ол «Росатом» шетелде басқа команияларға қарағанда бірнеше есе көп реактор салғанын атап өтті.

    «Қытайлық мердігерлер ел ішінде көптеп салып жатыр. Олардың шетелде құрылыс тәжірибесі аз. Дегенмен олар аз болса да сәтті тәжірибе жинады деп санаймыз», — деді Сәтқалиев.

    Ол Қазақстан барлық технологияны қарастырып, ең жақсысын таңдайтынын түсіндірді.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →