Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 20 тамыз 2026 $ 462,1 534,9 5,44
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Кети Топурия қазақ тілінде ән орындап, желіде түрлі пікір тудырды Қазақстанда 20 тамыздан бастап смартфондарды міндетті верификациясыз сатуға тыйым салынады Кәмшат Жолдыбаева ана атанғанын растап, жеке өмірі жайлы сыр шертті Испания королі VI Фелипе Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдады Жолбарыс пен қабанның түнгі айқасы желіде талқылануда Баланы сүндеттеу: медициналық көрсетілімдер, заманауи әдістер және ота алдындағы тексеру Кети Топурия қазақ тілінде ән орындап, желіде түрлі пікір тудырды Қазақстанда 20 тамыздан бастап смартфондарды міндетті верификациясыз сатуға тыйым салынады Кәмшат Жолдыбаева ана атанғанын растап, жеке өмірі жайлы сыр шертті Испания королі VI Фелипе Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдады Жолбарыс пен қабанның түнгі айқасы желіде талқылануда Баланы сүндеттеу: медициналық көрсетілімдер, заманауи әдістер және ота алдындағы тексеру

    ҰҚК Шекара қызметі елден 8 млн долларды заңсыз әкетпек болғандарды ұстады

    «Алматы» шекаралық бақылау басқармасы елімізден 8 миллион долларды заңсыз әкетпек болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

    «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралары туралы» 14 наурыздағы № 830 Жарлығын іске асыру шеңберінде «Алматы» шекаралық бақылау басқармасы Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен осы  жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасынан 8 000 000 АҚШ долларынан астам сомаға валютаны әкетуге жол берген жоқ», — делінген ҰҚК хабарламасында.

    Осыған байланысты шекара қызметі азаматтарға «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын сомада шетел валютасын әкетуге тыйым салынғанын хабарлайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →