Жаңаөзендегі 12 сайлау учаскесінде жергілікті өнім жәрмеңкесі мен концерт өтті
Жаңаөзендегі 12 сайлау учаскесінде жергілікті өнім жәрмеңкесі, көрмелер мен концерттік бағдарламалар өтті. Іс-шаралар кәсіпкерлерді қолдауға және ұлттық өнерді насихаттауға бағытталды.
Сурет: lada.kz
Жаңаөзен қаласындағы бірқатар сайлау учаскесінде дауыс беру күні тұрғындар үшін мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, №71, 72, 73, 74, 81, 89, 96, 100, 101, 102, 104 және 109 сайлау учаскелерінің аумағында жергілікті өнім жәрмеңкелері, көрмелер мен концерттік бағдарламалар өткізілді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Жәрмеңкеде жергілікті кәсіпкерлер мен тауар өндірушілердің өнімдері ұсынылып, тұрғындар отандық тауарлармен танысу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар концерттік бағдарлама аясында әртістер өз өнерлерін паш етіп, келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Іс-шаралар жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға, өңірлік өнімді ілгерілетуге және ұлттық өнерді насихаттауға бағытталды.
