Тоқаев мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс берді
Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді. ОСК мәліметі бойынша сағат 14:00-де республика бойынша сайлаушылардың 45,46%-ы дауыс берді.
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді. Ол Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Бүгін елімізде мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Сайлау учаскелері таңғы 7:00-де ашылды.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша дауыс берушілердің үлесі төмендегідей:
- Астана қаласы – 33,27%;
- Абай облысы – 51,82%;
- Ақмола облысы – 49,14%;
- Ақтөбе облысы – 54,17%;
- Алматы облысы – 51,36%;
- Атырау облысы – 46,71%;
- Батыс Қазақстан облысы – 46,12%;
- Жамбыл облысы – 48,05%;
- Жетісу облысы – 58,35%;
- Қарағанды облысы – 44,76%;
- Қостанай облысы – 46,21%;
- Қызылорда облысы – 56,38%;
- Маңғыстау облысы – 47,51%;
- Павлодар облысы – 46,83%;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 43,74%;
- Түркістан облысы – 56,91%;
- Ұлытау облысы – 43,63%;
- Шығыс Қазақстан облысы – 54,46%;
- Алматы қаласы – 25,72%;
- Шымкент қаласы – 32,74%.
Республика бойынша сағат 14:00-де тізімге енгізілген сайлаушылардың 45,46%-ы дауыс берді.
