«Күлпәш» фильмінің көрсетілім саны көбейді
«Күлпәш» фильмінің кинотеатрлардағы көрсетілім саны көрермендер сұранысына байланысты артты. 29 қарашада шығармашылық ұжым Алматы кинотеатрларында көрермендермен кездесті.
Фото: ЖИ
Көрермендердің сұранысына байланысты «Күлпәш» фильмінің кинотеатрлардағы көрсетілім саны артты. Бұл туралы фильмнің шығармашылық ұжымы мәлімдеді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
29 қарашада картинаның режиссері, актерлері мен түсірілім тобы Алматы қаласындағы кинотеатрларға барды. Олар көрермендермен арнайы кездесу өткізетінін хабарлаған болатын.
Кешкі көрсетілімдер аяқталған соң өнер иелері көрермендермен жүздесіп, фильмге қолдау білдірген жұртшылыққа алғыс айтты.
«Күлпәш» фильмінің көрсетілім санының артуы көрермендердің отандық туындыға деген қызығушылығы жоғары болғанын аңғартады.
