Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 17 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,5↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • 19 жастағы Жасұлан Әмірдің құны 2,5 млн еуроға жетті

    Шымкенттің «Ордабасы» клубы мен Қазақстан құрамасының 19 жастағы футболшысы Жасұлан Әмірдің нарықтық құны 2,5 млн еуроға жетті.

    19 жастағы Жасұлан Әмірдің құны 2,5 млн еуроға жетті

    Сурет: newtimes.kz

    Шымкенттің «Ордабасы» клубы мен Қазақстан құрамасының 19 жастағы футболшысы Жасұлан Әмірдің нарықтық құны екі миллион еуроға өсті. Қазір ол 2,5 миллион еуроға бағаланып, Қазақстан Премьер-лигасының ең қымбат ойыншыларының қатарына кірді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Transfermarkt жаңартқан деректерге сәйкес, Әмірдің құны 500 мыңнан 2,5 миллион еуроға дейін көтерілді. Яғни бір жаңарту аясында футболшы бес есе қымбаттады.

    Дәл осындай сомаға елордалық «Астана» клубының жартылай қорғаушысы, Босния және Герцеговинадан келген Иван Башич та бағаланып отыр. Оның нарықтық құны бір миллион еуроға артты.

    Келесі орында алматылық «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков пен «Ордабасы» қорғаушысы Ги-Марселен Килама тұр. Екеуі де 1,2 миллион еуроға бағаланады. Анарбековтің құны 400 мың еуроға, ал Киламанікі 200 мың еуроға өсті.

    Бір миллион еуроға Максат Абраев («Астана»), Давид Абанья («Ордабасы»), Жоржиньо («Қайрат») және Пабло Альварес («Ақтөбе») бағаланады.

    Тағы бес футболшының құны 900 мың еуро. Олар: Эльхан Астанов, Артур Шушеначев, Даниэль Соса, Виталий Лисакович және Алекса Аманович.

    Жасұлан Әмір кім? Ол 19 жаста, «Ордабасы» академиясының түлегі. 2026 жылдың наурызында U-21 құрамасында дебют жасап, маусым айында ұлттық құрамаға шақырту алды. Арменияға қарсы алғашқы матчта-ақ голдық пас берді.

    Тағы бір голдық пасын Жасұлан Ұлттар лигасында Словакиямен ойында жасады. Құрама жейдесінде әзірге гол соққан жоқ.

    Алайда Қазақстан Премьер-лигасында жас шабуылшы 8 доп соғып, «Ордабасыға» тарихта алғаш рет бір маусымда чемпионат пен ел кубогын ұтып алуға көмектесті.

    Ойыны үшін ол қазақстандық футболдағы «Жыл серпілісі» және «Жылдың үздік жас ойыншысы» наградаларына ие болды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →