RAF: Саба Лазишвили 19 желтоқсанда Петтис пен Гарбрандт жеңімпазымен кездеседі
RAF лигасы Саба Лазишвилидің RAF 16 турнирінде Серхио Петтис пен Коди Гарбрандт жеңімпазымен кездесетінін жариялады. Турнир 19 желтоқсанда Лонг-Айлендте өтеді.
Сурет: sports.kz
Real American Freestyle лигасы 21 жастағы грузин балуаны Саба Лазишвилидің RAF 16 турнирінде американдықтар Серхио Петтис пен Коди Гарбрандт арасындағы кездесудің жеңімпазымен белдесетінін ресми түрде жариялады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
«Саба өз жолын жалғастыруда. Саба Лазишвили 19 желтоқсанда Лонг-Айлендте өтетін RAF 16 турнирінде Серхио Петтис пен Коди Гарбрандт арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі», — делінген лига хабарламасында.
Петтис пен Гарбрандт Лазишвилидің келесі қарсыласын 28 қарашада Чикагода өтетін RAF 15 турнирінде анықтайды. RAF 16 турнирі Юниондейлдегі Nassau Coliseum аренасында өтіп, Қазақстан уақытымен 20 желтоқсанда сағат 06:00-де басталады.
Лазишвили RAF-те 14 қарашада Абу-Дабиде дебют жасап, Умар Нурмагомедовты алмастырып, UFC Даңқ залының мүшесі Юрайя Фэйберді 12:7 есебімен жеңді.
