Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 445,4↓€ 493,3↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Жанар Дұғалованың тойдағы биі әлеуметтік желіде талқыланып жатыр

    Жанар Дұғалованың жұбайымен тойда билеген сәті әлеуметтік желіде талқыланып жатыр. Оқырмандар әншіге бақыт тілеп, пікір қалдырды.

    Жанар Дұғалованың тойдағы биі әлеуметтік желіде талқыланып жатыр

    Фото: Видеодан алынған кадр/ ЖИ-мен өңделген

    Әнші Жанар Дұғалованың жұбайымен тойда билеген сәті әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Бейнежазбада ақ көйлек пен фата киген әнші жұбайымен құшақтасып билеп жүр.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Жазбаға пікір қалдырған оқырмандар әншіге бақыт тіледі. «Қандай бақытты!», «Көздері жайнап тұр» деп жазды олар. Парақша мәліметінше, кейбір қолданушы Тәуекел Мүсілімді де еске алып, «Тәуекелді таңдамағаны дұрыс болған екен» деген пікір білдірген.

    Жанар Дұғалова 2023 жылы тұрмысқа шыққан. Әншінің ұзату тойы сол жылдың 17 наурызында Астанада өтті. Мадина Сәдуақасова мен Маржан Арапбаева ұзатудан фото мен видео жариялап, Жанар мен Ілиясты құттықтаған.

    Әншінің үйлену тойына продюсер Баян Алагөзова жұбайы Тұрсын Алагөзовпен бірге барған. Ол Жанармен түскен суретін жариялап, «Бақытты бол, сұлу да талантты Жанарым!» деп жазған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →