Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 3 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қазақстан бокс федерациясының жаңа спорт директоры тағайындалды

    Қазақстан бокс федерациясының спорт директоры қызметіне Мырза Еркенбек тағайындалды. Ол ұлттық және жастар құрамаларының дайындығын үйлестіреді.

    Қазақстан бокс федерациясының жаңа спорт директоры тағайындалды

    Сурет: ҚБФ

    Қазақстан бокс федерациясында кадрлық өзгеріс болды: ұйымның спорт директоры қызметіне Мырза Еркенбек тағайындалды. Бұған дейін ол федерацияның бас хатшысының кеңесшісі болып қызмет атқарған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

    Жаңа лауазымында Мырза Еркенбек ұлттық және жастар құрамаларының оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға, спортшылардың халықаралық жарыстарға дайындығын бақылауға және бапкерлер штабымен жұмысты үйлестіруге жауапты болады. Сонымен қатар ол федерацияның спорттық стратегиясын жүзеге асыруға атсалысады.

    Федерацияның мәліметінше, жаңа басшының негізгі міндеті – қазақстандық боксшылардың халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

    «Жаңа қызметінде ол ұлттық және жастар құрамаларының жаттығу процестерін ұйымдастыру мен үйлестіруге, халықаралық жарыстарға дайындықты бақылауға, бапкерлер штабымен жұмысты үйлестіруге және федерацияның спорттық стратегиясын іске асыруға жауап береді», – делінген федерация хабарламасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →