97 жастағы онколог ұзақ өмірдің екі құпиясын атады
97 жастағы онколог Сильвио Гараттини ұзақ өмір сүрудің екі құпиясын атады: күн сайын бес шақырым жаяу жүру және тамақты аз мөлшерде ішу.
Фото: Unsplash
97 жастағы онколог Сильвио Гараттини ұзақ өмір сүруге көмектесетін екі кеңесін айтты. Ол бұл ұсыныстарын өзі де күнделікті ұстанады. Бұл туралы El Confidencial басылымына сілтеме жасай отырып, Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

Дәрігердің сөзінше, ең алдымен дене белсенділігіне мән беру қажет. Мәселен, Гараттинидің өзі күн сайын бес шақырым жаяу жүреді. Ол бұл қашықтықты жүрек соғысы жиілеп, аздап терлейтіндей жылдамдықпен жүріп өтеді.
Екінші кеңес – тамақты аз мөлшерде ішу. Маманның айтуынша, шамадан тыс жеудің орнына тойып кетпей тұрып тоқтаған жөн.

Сонымен қатар дәрігер калорияны үнемі есептеуге және ұзақ уақыт аш жүруге қарсы екенін жеткізді.
Гараттини жасы ұлғайған кезде салауатты өмір салтына көшуге кеш болады деген пікірмен де келіспейді. Оның пайымдауынша, еш әрекет жасамай отыра бергенше, осы екі кеңесті ұстанған әлдеқайда пайдалы.
Айта кетейік, бұған дейін 100 жасында студент атанған қария ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтқан еді.
