ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филология факультетінің оқытушысы Гухар Дуйсембиеваға сабақ үстінде студенттердің көзінше жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды. Педагог бұйрыққа артқы дата қойылғанын айтып, келіспей отыр.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінің оқытушысы Гухар Дуйсембиеваға студенттердің көзінше жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды. Бұл туралы педагогтің өзі мәлімдеді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Оқытушы бұл шешіммен келіспейтінін жеткізді. Оның айтуынша, бұйрыққа артқы дата қойылған: құжат 2 қазанда қол қойылған, ал оған бұйрық 7 қазанда тапсырылған. Сонымен қатар, видеода ол қойылған қолдардың қолдан жасалғанын және өзіне «дене жарақаттары» келтірілгенін мәлімдеді.
Осы жағдайға байланысты университеттен орын алған оқиғаға түсініктеме беру сұралып, ресми сауал жолданды.
