Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады
Елена Рыбакина Instagram-да дәстүрлі қытай киіміндегі бейнесін жариялады. Теннисші Нинбодағы WTA 500 турниріне қатысып, чемпиондық титулын қорғайды.
Фото: Instagram/ @ningboopen
Елена Рыбакина Instagram парақшасында жазылушыларына дәстүрлі қытай ұлттық киімінде таныстырған бейнеролик жариялады. Бейнежазбаға қоса берген сипаттамасында теннисші Қытайдың Нинбо қаласында орналасқан Дунцянь көлін атап өтті.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Sports.kz хабарлауынша, Рыбакина Қытайда 19-25 қазан аралығында өтетін WTA 500 санатындағы турнирге қатысу үшін жүр. Қазақстандық спортшы бірінші себеттегі орынды иеленіп, өнерін екінші айналымнан бастайды. Бұл жарыста ол былтырғы финалда ресейлік Екатерина Александрованы жеңіп алған чемпиондық титулын қорғауда.
Бұған дейін Елена Рыбакина Қытайдағы Уханьда өткен WTA 1000 сериясындағы турнирден бас тартқан болатын.
