Төсек қатынасының сапасын арттыратын қарапайым әдеттер
Төсек қатынасының сапасын арттыратын қарапайым әдеттер: мүсінді тік ұстау, аяқты жылы ұстау, шылымды тастау, ұйқы мен су режимі және тыныс алу жаттығулары.
Сурет: ЖИ
Төсек қатынасы – жасырып-жабатын тақырып емес, өмірдің маңызды бөлігі. Оның сапалы болуы өмір сапасын жақсартады. Күнделікті тірліктегі кейбір әдеттер де «түнгі тірліктің» сапасына әсер етеді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Төменде жақындықтан барынша ләззат алуға көмектесетін бірнеше қарапайым кеңес берілген.
Мүсініңізді тік ұстаңыз
Еңкеймей, арқаны тік ұстауға тырысыңыз. Бүкірейіп отыру ағзадағы кортизол (стресс гормоны) деңгейін арттырып, тестостеронды азайтады. Ал тестостерон екі жынысқа да бірдей әсер етіп, құмарлықты шақыруға, тән нәпсісін оятуға және қан айналымын жақсартуға жауап береді. Сондықтан иығыңызды жазып, тік отыруға бұл да жақсы себеп.
Дене пішініңізді бақылаудан шығармаңыз
Бұл жерде бәрі бірдей арық болуы керек деген шарт жоқ. Тек аз қозғалыс пен артық салмақ қосындысы өміріңіздің барлық саласына, соның ішінде тән жақындығына да кері әсерін тигізеді. Егер ләззат алу сәтінде деміңіз қысылып, бұлшықеттеріңіз талып қалатын болса, өмір салтыңызды өзгертетін уақыт келді.
Артық салмақ қан тамырларының созылғыштығын төмендетеді, ал бұл ер-азаматтардың эрекциясына кері әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар психологиялық аспект те бар: егер өз денеңізге көңіліңіз толмаса, кез келген жақындықтан ләззат алу қиындайды.
Аяқты жылы ұстаңыз
Үлкендердің үнемі «аяғыңды жылы ұста» деп ескертуінде жан бар. Ұлыбританияда жүргізілген зерттеулер әйелдердің толыққанды ләззат алуы мен аяқтағы жылы шұлықтың арасында таңғаларлық байланыс бар екенін көрсетті. Аяғы жылы жүрген әйелдердің сапалы ләззатқа бөлену көрсеткіші 80%-ды құраса, аяғы тоңғандарда бұл көрсеткіш бар болғаны 50% болған.
Сексологтардың айтуынша, бұған себеп – физикалық және психологиялық жайлылық сезімі. Әйел адам үшін төсектегі ең басты шарт – толық босаңсу мен өзін қауіпсіз сезіну.
Шылым шегуден бас тартыңыз
Жыныстық әлсіздікке ұшыраған ер адамдардың арасында шылым шегетіндер (немесе бұрын шеккендер) оны әдет қылмағандарға қарағанда екі есе көп. Бұл да қан тамырларының тарылуымен байланысты. Шылымның зияны жалпы ағзаға тиетіндіктен, бұл жаман әдетті тастауға себеп жеткілікті. Енді оған түнгі өмірге тигізетін теріс әсерін тағы қосыңыз.
Өз-өзіңді қоздыр, бірақ шектен шықпаңыз
Көптеген ер-азаматтар өздігінен қанағаттану кезінде тым қатты қысым қолдануға үйреніп кетеді. Бұл «жылдам нәтижеге жету формуласы» болғанымен, кейін серіктесімен шынайы жақындық кезінде кедергі келтіруі мүмкін. Ондай шектен тыс қысымды серіктесіңіз табиғи түрде қайталап бере алмайды.
Бұл мәселені шешудің жолдары – саусақ қысымын біртіндеп азайту, жаңа тәсілдерді байқап көру немесе біраз уақыт үзіліс жасап, дененің нәзік жанасуларға реакциясын бақылау. Серіктеспен физиологиялық үйлесімділікті қалпына келтіру сәл уақытты алғанымен, бұл ағзаға ешқандай зиян тигізбейді.
Өз денеңізді қабылдап, онымен «достасыңыз»
Бұл кеңес көбіне әйелдерге арналған. Егер жақындық сәтінде өз денесінен ұялып, қысылатын болса, толыққанды ләззат алудан үміттенбеген жөн. Серіктесіңіз қанша жерден шебер болса да, сіз психологиялық түрде одан алшақтап, өзіңізге босаңсуға рұқсат бермесеңіз, ештеңе шықпайды.
Ішкі комплекстер мен өз-өзіне көңілі толмау – тартымдылықтың ең үлкен жауы. Олар толық ашылуыңызға жол бермейді, артық ойлармен басыңызды қатырады. Өз-өзіңді бағалау мәселесін психологпен болса да, ұзақ уақытқа созылса да, шешу керек. Әйтпесе ол кедергі келтіргенін қоймайды.
Егер ойыңыз сан-саққа жүгіре бастаса, мынаны ескеріңіз: ерлі-зайыптылар оңаша қалған сәтте бәрін ұмытуы, ұят пен қымсыну сыртта қалуы тиіс.
Ұйқы сапасы мен режимін реттеу
Созылмалы шаршаңқылық пен ұйқының қанбауы гормоналды теңгерімді бұзады. Зерттеулерге сүйенсек, күніне 7-8 сағат сапалы ұйқы алатын адамдарда жыныстық құмарлық әлдеқайда жоғары болады. Егер ағза шаршап тұрса, ол ең бірінші кезекте қуатты аман қалу ресурстарына жұмсайды да, репродуктивті функциялар мен ләззат алу сезімін екінші орынға ысырады.
Жеткілікті түрде су ішіңіз
Суды аз ішу ағзаның сусыздануына (дегидратация) әкеледі, ал бұл қан айналымын баяулатып, бастың ауруына және жалпы енжарлыққа себеп болады. Қан айналымының жақсы болуы – сапалы эрекция мен сезімталдықтың басты негізі. Сонымен қатар, ағзада судың жеткілікті болуы табиғи ылғалдылық пен жайлылықты арттырады.
Сезімталдықты арттыратын тыныс алу жаттығулары
Терең әрі баяу тыныс алу нерв жүйесін тыныштандырады және жамбас аймағындағы қан айналымын жақсартады. Жақындық кезінде ритмді тыныс алу эмоционалды толқынды бақылауға, дене түйсіктерін тереңірек сезінуге және ләззатты ұзартуға көмектеседі.
Көріп отырғанымыздай, төсек қатынасының сапасы тым күрделі тәсілдерді немесе арнайы препараттарды талап етпейді. Көп жағдайда бәрі де күнделікті қарапайым әдеттерден басталады. Денсаулыққа жауапкершілікпен қарап, психологиялық жайлылықты бірінші орынға қойғанда ғана шынайы гармонияға жетуге болады. Өзіңізге де, серіктесіңізге де қамқор болыңыз, бұл толыққанды әрі бақытты өмірдің басты кепілі.
