Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↑€ 506,7↑₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің 56%-ы әйелдер — ЕҚЫҰ сессиясында айтылды • Каспий түбімен тартылған 380 шақырымдық оптикалық кабель іске қосылды • Пәкістанда мектеп шатыры опырылып, 28 бала мен екі мұғалім қаза тапты • Тоқаев Бакуде Қатар Әмірімен кездесті • Алматыда 15 минутта жалған медициналық анықтама беретін орталық карантинге жабылды • Тоқаев Бакуде Әлиевпен кездесіп, стратегиялық серіктестікті тереңдетуге келісті • Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің 56%-ы әйелдер — ЕҚЫҰ сессиясында айтылды • Каспий түбімен тартылған 380 шақырымдық оптикалық кабель іске қосылды • Пәкістанда мектеп шатыры опырылып, 28 бала мен екі мұғалім қаза тапты • Тоқаев Бакуде Қатар Әмірімен кездесті • Алматыда 15 минутта жалған медициналық анықтама беретін орталық карантинге жабылды • Тоқаев Бакуде Әлиевпен кездесіп, стратегиялық серіктестікті тереңдетуге келісті •

    Каспий түбімен тартылған 380 шақырымдық оптикалық кабель іске қосылды

    «Қазақтелеком» басқарма төрағасы Бағдат Мусин Қазақстан мен Әзербайжанды Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісінің іске қосылуымен құттықтады.

    Каспий түбімен тартылған 380 шақырымдық оптикалық кабель іске қосылды

    Сурет: instagram.com/bagdatmussin

    «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Бағдат Мусин Қазақстан мен Әзербайжанды Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісінің ресми түрде іске қосылуымен құттықтады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Оның сөзінше, екі елдің мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев әзербайжандық AzerTelecom компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылған жобаны іске қосты. Жоба шеңберінде Каспий теңізінің түбімен ұзындығы 380 шақырым талшықты-оптикалық кабель тартылып, екі ел арасында жаңа халықаралық байланыс арнасы қосылды.

    «Қазақстан үшін бұл – Азия мен Еуропа арасындағы маңызды цифрлық торапқа айналу жолындағы тағы бір қадам. Жаңа бағыт халықаралық деректер транзитін дамытуға, еліміздегі Деректер орталықтары алқабын (Data Center Valley) өркендетуге және ірі технологиялық компанияларды тартуға қосымша мүмкіндіктер ашады», – деп жазды Бағдат Мусин Instagram парақшасында.

    «Қазақтелеком» басшысы жобаны іске асыруға атсалысқан мамандарға – инженерлерге, теңізшілерге, сүңгуірлерге, кабель төсеушілерге және бірнеше ай бойы жаңа инфрақұрылымды құруға еңбек сіңірген барша қызметкерге ерекше алғысын білдірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →