Бес мыңға жуық науқасқа ағза трансплантациясы қажет
Елде 5 мыңға жуық адам ағза трансплантациясына мұқтаж. Олардың 126-сы бала. Былтыр 310 трансплантация жасалды. Қайтыс болған донорлардан алынған ағзалар арқылы 68 операция жүргізілді.
2025 жылы 29 бүйрек, 15 жүрек, 10 бауыр және 4 өкпе ауыстырылды.
186 ықтимал донордың тек 18-інің туыстары келісім берген. Биыл 130 ықтимал донордың 13-іне ғана келісім алынған.
Бүгінде 184 мыңнан астам азамат донорлыққа қатысты өз ұстанымын білдірді.
Олардың қатарында бас тартқандардың саны 130 мыңнан асады.
1. 2025 Ж. – 310 ТРАНСПЛАНТАЦИЯ АУЫСТЫРЫЛҒАН АҒЗАЛАР: — 29 – БҮЙРЕК
— 15 – ЖҮРЕК
— 10 – БАУЫР
— 4 – ӨКПЕ
2. 2025 ЖЫЛ ЫҚТИМАЛ ДОНОР -186 КЕЛІСІМ БЕРДІ
— 18 2026 ЖЫЛ ЫҚТИМАЛ ДОНОР
— 130 КЕЛІСІМ БЕРДІ -13
