Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 27 қыркүйек 2026 $ 442,0↓€ 502,5↓₽ 5,20↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бекмұрат Жүсіпов: Қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге қолдау жалғасуда • Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды тексеру жөніндегі комиссия құрды • Сұлтан Заурбек 21-ші жеңісін алып, әлем чемпионы атағына үміткер атанды • Тоқаев Тимур Турловты FIDE президенттігіне сайлануымен құттықтады • Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының президенті болып сайланды • «Тең мүмкіндіктер» балалар инклюзивті фестивалі Қостанай мен Ұлытауда өтті • Бекмұрат Жүсіпов: Қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге қолдау жалғасуда • Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды тексеру жөніндегі комиссия құрды • Сұлтан Заурбек 21-ші жеңісін алып, әлем чемпионы атағына үміткер атанды • Тоқаев Тимур Турловты FIDE президенттігіне сайлануымен құттықтады • Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының президенті болып сайланды • «Тең мүмкіндіктер» балалар инклюзивті фестивалі Қостанай мен Ұлытауда өтті •

    «Қасына алып жұбатудың орнына…»: Мөлдір Анарбаева Маңғыстаудағы жағдайға пікір білдірді (ВИДЕО)

    «Қасына алып жұбатудың орнына…»: Мөлдір Анарбаева Маңғыстаудағы жағдайға пікір білдірді (ВИДЕО)

    Фото: Инстаграм

    Танымал блогер Мөлдір Анарбаева Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Ол әлеуметтік желідегі жазбасында марқұмдардың жақындарына жасалған қарым — қатынасқа ренішін айтты.

    «Боталап қалған ата-ана осындай қарым-қатынасқа лайық па?

    Қасына алып жұбатудың орнына темір қақпаның ар жағынан қаралы тізім оқи ма?!

    Қандай ауыр еді… Жап-жас сарбазға оқытып қойып қақпаның ар жағында қорғанып тұрғандар бізді қорғай ала ма?!

    Осындай оқиғада Жапон халқының билігін талай көрдік, басшысынан бастап бөлмшесіне дейін иіліп тұрып кешірім сұрайды, бастарын салбыратып жылайды…
    Ол құрмет еді… Ол адамдық еді… Ол қайғыға ортақтасу еді…

    Отан алдындағы борышын өтеуге жіберген бауыр етінен 1-ақ күнде айырылу…. Енді олар қайтып келмейді…

    Құдайым-ау! Киноның өзінде теңіз асау болса соғысқа да шықпай қалатынын талай көрдік емес пе?! Теңіздің жағасында тұрып соны неге басшылар білмеді?!

    Темір қақпаның артында аңыраған ата-анаға беретін пұлдарыңды жетісінен кейін жарияласаңдар болмай ма?!

    Жылаған балаға кәмпит бергендей жапа-тармағай жарысып ақша берген бай-бағланда жүрек бар ма?! Осы сәтті әркім өзінше пайдаланып жатқандай.

    Айналайындар, рахмет! Бірақ басу айтып, әліптің артын бағып, әруаққа құрмет көрсетіп жетісін күтіп барып жарияласаңдар нетті?! Ақшамен алдасаңдар да адам тірілмейді…
    Осы сәттерің жиіркенішті көрінді, БАЙЛАР!» – деді ол.

    Блогердің жазбасына желі қолданушылары пікір білдіріп, бірқатар қолданушы оның сөзіне қолдау білдірді.

    Сіздің реакцияңыз?

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →