Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 26 қыркүйек 2026 $ 442,0↓€ 502,5↓₽ 5,20↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Каспийдегі оқу-жаттығудан аман қалған үшінші сарбаз — Никита Удалов

    Қорғаныс министрлігі Каспийдегі оқу-жаттығудан аман қалған үшінші сарбаз Никита Удалов екенін хабарлады. Ол дәрігерлер бақылауында, жағдайы жақсы.

    Каспийдегі оқу-жаттығудан аман қалған үшінші сарбаз — Никита Удалов

    Сурет: pexels.com

    Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде аман қалған үшінші әскери қызметшінің кім екені белгілі болды. Қорғаныс министрлігі бұл туралы ресми ақпарат таратты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ведомствоның Kazinform сауалына берген жауабына сәйкес, тірі қалған үшінші сарбаз — Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Никита Удалов.

    Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі оның қазір дәрігерлердің бақылауында екенін және жағдайы жақсы екенін хабарлады.

    Бұған дейін тағы екі әскери қызметшінің аман қалғаны белгілі болған еді. Олар — Атырау облысының тұрғыны Бекет Қуандық және Маңғыстау облысының тұрғыны Ақжол Темірхан.

    Ақжол Темірхан оқиғадан кейін ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Кейін ол есін жиып, жағдайы тұрақтанған.

    Ал Бекет Қуандықтың да дәрігерлер бақылауында екені хабарланды. Бұған дейін оның ата-анасы сарбаздың ауруханаға жатқызылмағанын, өзін жақсы сезінетінін және өздігінен жүріп-тұра алатынын айтқан еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →