Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 14 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақ үй Трамп, Путин және Си Цзиньпиннің Шэньчжэньде кездесетінін хабарлады • «Қазақмыс» «Парыз–2026» байқауында үздік әлеуметтік жоба атанды • Ғылымға бөлінген миллиардтар: Жоғары аудиторлық палата ауқымды заңбұзушылықтарды анықтады • Астанада жол жиегі автобус тұрағына айналды: тұрғындар әкімдіктен шара талап етті • Алматыдағы құрылыс: ГАСК тоқтатқан нысанда жұмыс жалғасып, шұңқыр тереңдеген • Бибисара Асаубаева әлемнің үздік төрт шахматшысы қатарына енді • Ақ үй Трамп, Путин және Си Цзиньпиннің Шэньчжэньде кездесетінін хабарлады • «Қазақмыс» «Парыз–2026» байқауында үздік әлеуметтік жоба атанды • Ғылымға бөлінген миллиардтар: Жоғары аудиторлық палата ауқымды заңбұзушылықтарды анықтады • Астанада жол жиегі автобус тұрағына айналды: тұрғындар әкімдіктен шара талап етті • Алматыдағы құрылыс: ГАСК тоқтатқан нысанда жұмыс жалғасып, шұңқыр тереңдеген • Бибисара Асаубаева әлемнің үздік төрт шахматшысы қатарына енді •

    Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының президенті болып сайланды

    Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті болып сайланды. Ол екінші кезеңде 196 дауыстың 110-ын жинап жеңіске жетті.

    Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының президенті болып сайланды

    Фото: Kazchess

    Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті қызметіне сайланды. Ол дауыс берудің екінші кезеңінде жеңіске жетті. Сайлау 26 қыркүйекте Самарқандта ұйымның Бас ассамблеясы аясында өтті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Дауыс беру қорытындысы бойынша Freedom Holding Corp. бас директоры 196 дауыстың 110-ын жинады.

    Сайлауалды науқан барысында Тимур Турлов FIDE-ні дамыту бағдарламасын ұсынды. Оның бастамалары арасында даму қорын құру, халықаралық шахматты қаржыландыруды ұлғайту, цифрландыру, маркетинг пен коммуникация бағыттарын күшейту, сондай-ақ ұлттық федерацияларды қолдау бар.

    «Бәріміз ұмтылатын ең үлкен мақсат — Олимпиада бағдарламасына жақындай түсу. Мен FIDE ішінде ауызбіршілік болғанын және алдағы төрт жылда әр федерация бірлесіп қол жеткізетін өзгерісті сезінгенін қалаймын. FIDE барынша цифрлық, кәсіби әрі заманауи ұйымға айналып, беделі мен ықпалын арттырса деймін. Сондай-ақ цифрлық әлемде өз орнын табуы керек. Цифрландыру саласындағы тәжірибемді FIDE жұмысына қолданып, ұйымға қуатты цифрлық платформа құруға және осы тарихи әрі заманауи ойынның көшбасшысы әрі реттеушісі ретінде мойындалуына көмектескім келеді», — деді ол.

    FIDE президентінің міндетін уақытша Вишванатан Ананд атқарып келген. Ол бұл қызметке 2026 жылғы шілдеде кіріскен.

    FIDE президентін сайлау төрт жылда бір рет өтеді. Дауыс беруге ұлттық шахмат федерациялары қатысады және әр федерацияның бір ғана дауысы бар. Сайлау жасырын дауыс беру арқылы өтеді.

    Тимур Турловтың сайлаудағы қарсыластары германиялық кәсіпкер Ян Хенрик Бюттнер және Вадим Розенштейн болды. Олардың президенттік тізімінде орынбасар ретінде тиісінше Малкольм Пейн мен Гордон Танг көрсетілген. Ал Тимур Турлов Вишванатан Анандпен бірге сайлауға түсті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →