Нұрбек Оралбай Азия ойындарын жеңіспен бастады
Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Жапониядағы Азия ойындарының 1/8 финалында Ауғанстан өкілін 5:0 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты.
Сурет: ҰОК
Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
90 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда отандасымыз Ауғанстан өкілі Силаб Нуримен қолғап түйістірді. Үш раунд қорытындысы бойынша Нұрбек Оралбай 5:0 есебімен басым түсіп, ширек финалға жолдама алды.
Бұған дейін Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) келесі кезеңге өткені белгілі болса, Виктория Графеева (60 келіге дейін) жарыс жолын аяқтаған еді.
