Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты • СІМ соғыс аймағындағы қазақстандықтардың тізімін Ресейге жібереді • Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеттігі тоқтатылды • Қарағандыда ауладағы ағаш көліктің үстіне құлады: тұрғындар наразы • «Бірнеше айда қиын кезеңді бастан өткерген»: Алматыда пәтерден 33 жастағы жігіттің денесі табылды (ВИДЕО) • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты • СІМ соғыс аймағындағы қазақстандықтардың тізімін Ресейге жібереді • Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеттігі тоқтатылды • Қарағандыда ауладағы ағаш көліктің үстіне құлады: тұрғындар наразы • «Бірнеше айда қиын кезеңді бастан өткерген»: Алматыда пәтерден 33 жастағы жігіттің денесі табылды (ВИДЕО) •

    Тоқаев Тимур Турловты FIDE президенттігіне сайлануымен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Турловты Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті болып сайлануымен құттықтады. Сайлау 26 қыркүйекте Самарқандта өтті.

    Тоқаев Тимур Турловты FIDE президенттігіне сайлануымен құттықтады

    Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті лауазымына сайлануына орай Қазақстан шахмат федерациясының президенті, белгілі кәсіпкер әрі меценат Тимур Турловқа құттықтау жеделхатын жолдады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысы дүниежүзілік беделді ұйымды басқаратын отандасымызға толайым табыс тіледі.

    Айта кетейік, бүгін Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті болып сайланды.

    Сайлау 26 қыркүйекте Самарқандта 46-Дүниежүзілік шахмат олимпиадасымен қатар өтіп жатқан ұйымның Бас ассамблеясы аясында өтті.

    Дауыс беру қорытындысы бойынша Тимур Турлов мүмкін болған 196 дауыстың 110-ын жинады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →