Дастан Сатпаев енді Қазақстанның ең қымбат футболшысы емес
Transfermarkt Ресей Премьер-Лигасындағы қазақстандық футболшылардың құнын жаңартты. Ең қымбат ойыншы атағы енді Максим Самородовқа тиесілі.
Неміс аналитикалық порталы Transfermarkt Ресей Премьер-Лигасында ойнайтын қазақстандық футболшылардың нарықтық құнын жаңартты. Ауқымды қайта есептеудің басты жеңімпазы — Грозныйдың «Ахмат» клубының 24 жастағы шабуылшысы Максим Самородов.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Тіпті ағылшындық «Челси» форварды, ағымдағы маусымда «Берни» сапында ойнап жүрген Дастан Сатпаев та артта қалды. Оның бағасы 3,5 миллион еуроны құрайды.
