Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр Астанада адам өліп, үш баланың анасы аяғынан айырылды: құрылыс қауіпсіздігін кім бақылап отыр? Әлемдік AI индустриясының көшбасшысы Дженсен Хуанг Қазақстанға ат басын бұрмақ Төбесі көгеріп, қабырғасы жарылған: Алматы облысында 1081 бала тозығы жеткен мектепте оқып жүр Ақтауда мектепке апарар жол бір жылдан бері қараңғы: тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдаулы Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр Астанада адам өліп, үш баланың анасы аяғынан айырылды: құрылыс қауіпсіздігін кім бақылап отыр? Әлемдік AI индустриясының көшбасшысы Дженсен Хуанг Қазақстанға ат басын бұрмақ Төбесі көгеріп, қабырғасы жарылған: Алматы облысында 1081 бала тозығы жеткен мектепте оқып жүр Ақтауда мектепке апарар жол бір жылдан бері қараңғы: тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдаулы

    Ақтауда мектепке апарар жол бір жылдан бері қараңғы: тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдаулы

    Ақтауда мектепке апарар жол бір жылдан бері қараңғы: тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдаулы

    Фото: видеодан скрин

    Ақтаудағы 32А шағынауданда №29 мектеп-гимназиясына апаратын жолдың жарықсыз жатқанына бір жылдан асқан, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Тұрғындардың айтуынша, әсіресе екінші ауысымнан кеш қайтатын оқушылар үшін бұл жағдай қауіпті. Мәселе мұнымен бітпейді: жаяу жүргіншілер өткелінің бояуы өшіп, жол жиегіндегі белгі де анық көрінбей қалған. Жергілікті тұрғын көлік жүргізушілерінің осы тұста жылдамдықты бәсеңдетпей өтетінін айтып, балалардың қауіпсіздігіне алаңдайтынын жеткізді. Жаңа оқу жылы басталған тұста тұрғындар көше шамдарын жағып, жол белгілері мен жаяу жүргіншілер өткелін ретке келтіруді сұрап отыр. Әзірге жарияланған материалда жауапты мекемелердің бұл мәселеге қатысты жауабы көрсетілмеген.

    Видео: Otpannews.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →