Астанадағы қайғылы оқиғадан кейін Қарағанды тұрғындары үйдің қасбеті опырылып кете ме деп алаңдап отыр
Фото: видеодан скрин
Астанада тұрғын үй қасбетінің бір бөлігі опырылып, фельдшер Ұлдана Мырзуан қаза болған қайғылы жағдайдан кейін Қарағанды тұрғындары көпқабатты үйлердің қауіпсіздігіне назар аударуды сұрады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Тұрғындар мұндай жағдай адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін деп алаңдайды. Қарағанды облысында тұрғын үй қорының тозуы мәселесі бар: ресми бағдарламада өңір бойынша 45 үй апатты және апат алдында, тағы 104 үй тозған деп көрсетілген. Қазір тұрғындар жауапты органдар үйдің техникалық жағдайын тексеріп, қауіптің бар-жоғын анықтағанын қалайды. Видеода көрсетілген үйдің нақты техникалық жағдайы мен қасбеттің қаншалықты қауіпті екені әзірге ресми түрде айтылған жоқ.
