Риддерде су құбырын жөндемей тұрып, үстіне жаңа асфальт төсеп тастаған
Фото: видеодан скрин
Риддерде су құбырын жөндемей тұрып, үстіне жаңа асфальт төсеп тастаған Риддерде Гагарин мен Семей көшелерінің қиылысындағы су құбыры көктемде жарылғанымен, мәселе бірнеше ай бойы шешілмеген.
Шұңқырға жиналған су жолға жайылып, жаяу жүргіншілер өткеліне дейін жеткен. Жуырда «Эталон» ЖШС жұмысшылары құбырдың жарылғанын білмей, су толған шұңқырдың үстіне жаңа асфальт төсеп кеткен. Алайда су көп ұзамай асфальттың бетіне қайта шығып, тұрғындар мәселе осылай «жабыла салды ма?» деп наразылық білдірген. 21 қыркүйекте оқиға орнына су арнасының техникасы келіп, жаңа төселген асфальтты экскаватормен қайта бұзып, жөндеу жұмысына кіріскен. Су арнасы құбыр олардың балансында болмаса да, апатты жоюға уәде берген.
Видео: @mg_ridder
