Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Шымкент тұрғыны жасөспірімге күш қолданған (ВИДЕО)

    Шымкент тұрғыны жасөспірімге күш қолданған (ВИДЕО)
    Фото: massaget.kz

    Шымкентте әйелдің жасөспірімді қылқындырып, оның мойнында қолының іздері қалғаны түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Жазба авторының айтуынша, күш қолданған әйел мұғалім болуы мүмкін. Сондай-ақ оның мәліметінше, оқиғаға байланысты полицияға жүгінгенімен, құқық бұзу белгілері анықталмағаны туралы қорытынды шығарылған.

    Оқиғаға қатысты Шымкент қаласының полиция департаменті түсінік берді.

    Ведомство мәліметінше, 6 қыркүйекте Шымкент тұрғыны кәмелетке толмаған ұлына дене жарақатын салу фактісі бойынша полицияға арызданған.

    — Анықталғандай, қаладағы медициналық зертханалардың бірінде жасөспірім мен әйел арасында жанжал туындап, әйел жасөспірімге күш қолданған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, — делінген полиция хабарламасында.

    Полиция құқық бұзушылық белгілері анықталмағаны және азаматтың өтініші қараусыз қалғаны туралы әлеуметтік желіде тараған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін нақтылады. Сондай-ақ қылмыстық іс материалдары 21 қыркүйекте сотқа жолданғанын мәлімдеді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →