Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 22 қыркүйек 2026 $ 446,8 512,8 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада дрифт жасап, мақтанбақ болған жүргізуші қамалды (ВИДЕО) «Ұйқы бермей жатыр»: Бектенов түнде жұрттың тыныштығын бұзатын жүргізушілерге қатаң шара қолдануды тапсырды Қазақстан әйелдер құрамасы баскетболдан Гонконгты жеңді Жылыту маусымына дайындық әлі бітпеген: Бектенов бірқатар өңірдің әкіміне нақты тапсырма берді Тамыз айынан бері доллар 30 теңгеге дейін құнын жоғалтты Зардап шеккендер бар: Атырауда автобустың қатысуымен ауыр жол апаты болды Астанада дрифт жасап, мақтанбақ болған жүргізуші қамалды (ВИДЕО) «Ұйқы бермей жатыр»: Бектенов түнде жұрттың тыныштығын бұзатын жүргізушілерге қатаң шара қолдануды тапсырды Қазақстан әйелдер құрамасы баскетболдан Гонконгты жеңді Жылыту маусымына дайындық әлі бітпеген: Бектенов бірқатар өңірдің әкіміне нақты тапсырма берді Тамыз айынан бері доллар 30 теңгеге дейін құнын жоғалтты Зардап шеккендер бар: Атырауда автобустың қатысуымен ауыр жол апаты болды

    «Ерікті бол — қан тапсыр!»: Жаңа адамдар Қазақстан халқының бірлігі күніне орай акция бастады

    «Ерікті бол — қан тапсыр!»: Жаңа адамдар Қазақстан халқының бірлігі күніне орай акция бастады
    Фото: Видеодан скрин

    Осы жылдың көктемінде Жаңа адамдар Қазақстан халқының бірлігі күніне және Еріктілер жылына орай «Ерікті бол — қан тапсыр!» акциясын бастады,  деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Еліміздің түкпір-түкпірінде Жаңа адамдар 1 миллион миллилитрден астам қан жинады. Күн сайын еліміздің әр өңірінен мыңдаған ерікті акцияға қосылып, тұрақты донорлар ағыны қалыптасты.

    Бүгінде донорлық қан мен оның компоненттеріне деген қажеттілік сақталады. Атап айтқанда, медициналық ұйымдарға қан құю, оталар және науқастарды емдеу кезінде қолданылатын тромбоциттердің қоры қажет. Осы қажеттілікке байланысты Республикалық қан орталығы Жаңа адамдарға донорлық штабтардың жұмысын қайта жандандырып, еріктілер қорын жандандыру жөнінде өтініш білдірді.

    Жаңа адамдардың қан тапсыру штабтары Қазақстанның 18 қаласында қайта жұмысын бастады: Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Тараз, Павлодар, Өскемен, Семей, Қостанай, Қызылорда, Орал, Атырау, Ақтау, Петропавл, Көкшетау, Талдықорған және Түркістан.

    Азаматтық белсенділік күнделікті жасалатын қарапайым істер мен саналы таңдаудан қалыптасады. Донорлық қанға қажеттілік күн сайын туындайды. Қан тапсыру туралы шешім қабылдап, бейжай қалмау — көмекке мұқтаж адам үшін жасалған нақты қадам. Осындай таңдауды мыңдаған адам жасағанда, өзара көмек мәдениетін қалыптастырып, ортақ мақсатқа бірге ұмтылатын қоғам құрылады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →