Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Риддерде жолды қазып, жөндеусіз қалдырған: тұрғындар шұңқырларға шағымданды

    Риддерде жолды қазып, жөндеусіз қалдырған: тұрғындар шұңқырларға шағымданды

    Фото: видеодан скрин

    Риддер тұрғындары қаладағы кейбір жолдардың жөндеу жұмыстары аяқталмай, қазылған күйі қалғанына шағымданды. Жолдың жекелеген бөліктерінде асфальт ойылып, көлік қозғалысына кедергі келтіретін үлкен шұңқырлар пайда болған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Тұрғындардың сөзінше, жөндеу үшін қазылған учаскелерге жаңа асфальт төселмей, жұмыс аяқсыз қалған. Биыл Риддердегі жол жөндеу жұмыстарының созылып кеткені бұған дейін де көтерілген еді. Қала тұрғындары жауапты мамандардан проблемалы учаскелерді ретке келтіріп, басталған жұмысты аяқтауды сұрап отыр.

    Видео: @ridder.live

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →