Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 21 қыркүйек 2026 $ 447,2 513,7 5,32
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шикізат ел игілігіне жұмыс істеуі тиіс: Қазақстанның мыс өнеркәсібіндегі болашағы Риддерде жолды қазып, жөндеусіз қалдырған: тұрғындар шұңқырларға шағымданды «Су жоқ, ағаштар қурап жатыр»: Балқаштағы саябақтың жағдайы тұрғындарды алаңдатты «Бәрін күтуге болады»: Айсәуле Бақытбек анасының тағы бала тууы мүмкін екенін айтты Таудағы тосын кездесу: Алматыда туристер қар барысын кезіктірді «Қазақ баласын ақша табатын машинаға айналдырып жатқан жоқпыз ба?»: Санжар Керімбай жауап берді Шикізат ел игілігіне жұмыс істеуі тиіс: Қазақстанның мыс өнеркәсібіндегі болашағы Риддерде жолды қазып, жөндеусіз қалдырған: тұрғындар шұңқырларға шағымданды «Су жоқ, ағаштар қурап жатыр»: Балқаштағы саябақтың жағдайы тұрғындарды алаңдатты «Бәрін күтуге болады»: Айсәуле Бақытбек анасының тағы бала тууы мүмкін екенін айтты Таудағы тосын кездесу: Алматыда туристер қар барысын кезіктірді «Қазақ баласын ақша табатын машинаға айналдырып жатқан жоқпыз ба?»: Санжар Керімбай жауап берді

    Екі жыл бұрын салынған жол қайтадан быт-шыт болды: Орал тұрғыны жауапты компанияны іздеп жүр

    Екі жыл бұрын салынған жол қайтадан быт-шыт болды: Орал тұрғыны жауапты компанияны іздеп жүр

    Фото: видеодан скрин

    Батыс Қазақстан облысының Зачаган кентіндегі Б. Жаңқадамов көшесінің тұрғындары жолдың сапасына шағымданды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Тұрғынның айтуынша, №37 үй маңындағы асфальт 2024 жылы төселгенімен, көп ұзамай бүлініп, биыл сәуір айында қайта жөнделген. Алайда арада бес ай өтпей жол қайта жарылып, асфальттың кей бөлігі үгітіліп кеткен.

    Бұл көшемен №9 автобус жүретіндіктен, тұрғындар жолдың жағдайы көлік қозғалысына да қиындық туғызатынын айтып отыр. Шағым иесі мәселені маусым айында округ депутатына жеткізгенін, алайда содан бері жағдай өзгермегенін жазған. Енді тұрғындар жолды салған мердігер компанияның кім екенін және сапасыз жөндеу жұмысына кім жауап беретінін сұрап отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →